Қазақ тілі кафедрасы

1

КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ, Ф.Ғ.К., ДОЦЕНТ СУАТАЙ СӘБИТ ҚҰРМАНЖАНҰЛЫ

КАФЕДРА ТАРИХЫ

Қазақ тілі кафедрасы — Алматы мемлекеттік медицина институтының алғашқы кафедраларының бірі.

Оның ең алғашқы меңгерушісі – Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев (Қазақ ССР ҒА-ның академигі болған). 1937 жылы кафедра меңгерушісі болып К.Е.Бреусова сайланды. Сол кезде кафедра орыс тілі кафедрасы деп аталды.

1938-1952 жылдар аралығында кафедра тілдер кафедрасы деп қайта құрылады.

1989 жылы кафедра қазақ тілі кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраға ф.ғ.к., доцент К.Қ.Аяпбергенова меңгеруші болып тағайындалып, 1996 жылға дейін басқарды.

1997-1998 жылдары қазақ тілі кафедрасы құрамында психология, педагогика және орыс тілі курстары болды. Соған орай кафедра “Құрамында психология – педагогика және орыс тілі курсы бар қазақ тілі кафедрасы” деп аталды.

1996-1998 жылдары кафедраны аға оқытушы Доскеева Балдырған Жармұхаметқызы,

1998-2008 жылдары ф.ғ.к., доцент Исхан Бейбіт Жәлелұлы басқарды.

2009 жылдың наурыз айында кафедра меңгерушісі қызметіне ф.ғ.к., доцент Суатай Сәбит Құрманжанұлы конкурс бойынша сайланды. Доцент С.Қ.Суатай 1 оқу құралының 30-ға жуық ғылыми, оқу-әдістемелік мақаланың авторы, сондай-ақ Қолданбалы лингвистика, Контрастивтік лингвистика, Компьютерлік аударма пәндері бойынша типтік бағдарлама авторларының бірі. Халықаралық Түркологтар Қауымдастығының мүшесі.

Кафедрада ғылыми бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Кафедра оқытушылары жыл сайын халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми конференциялар мен семинарларға белсене қатысып, өз еңбектерін жариялап отырады. Бес оқытушы филология ғылымдарының кандидаты, оның екеуі жоғары аттестациялық комиссиядан өтіп, доценттік атақтарын бекіткен. Кафедра меңгерушісі, доцент С.Қ.Суатай докторлық диссертациясын аяқтап, қорғауға дайындалуда. Доценттер Б.Ж.Доскеева , Р.Н.Дәрменқұлова, Ж.Т.Исаева докторлық диссертацияларын бекітіп, осы бағытта жұмыс істеуде.

2009 жылдан бері кафедра «Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыруды дәстүрге айналдыруда. Бұл конференцияда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тілді оқыту барысындағы өзекті мәселелер мен жеткен жетістіктері қозғалады.

Доцент Б.Ж.Доскееваның медицина саласында кәсіби қазақ тілін дамытуда өзіндік үлесі бар. Ол жоғары оқу орындары І курсының жалғастырушы топтарына арналған “Қазақ тілі” (Алматы, 2000ж) және “Медициналық оқу орындарына арналған қазақ тілі” (Алматы, 2002ж) атты оқу құралдарының авторы.

Филология ғылымының кандидаты, доцент Р.Н.Дәрменқұлова 2001 жылы “Медициналық мәтіндер жинағы” атты оқу құралын шығарды. Оның 2004 жылы ҚазҰУ-дың доценті М.Б.Көккөзовамен бірлесіп шығарған “Қызықты қазақ тілі” атты оқу құралында студенттердің қазақ тілінен алған білімдерін пысықтап, бекітуге арналған алуан түрлі грамматикалық ойын түрлері ұсынылған. доцент Р.Дәрменқұлова өзінің диссертациялық тақырыбы бойынша 11 ғылыми мақаланың авторы.

Филология ғылымының кандидаты, доцент Ж.Т.Исаева (Қазақ тілі (фонетика), “Ғылым”, Алматы. 2003ж; Қазақ тілі (Сөзжасам, морфология), “Арыс”, Алматы, 2004; Әдеби тілдің нормасынан ауытқыған сөздердің тарихи-лингвистикалық аспектісі, Алматы, 2004) оқу құралдары авторларының бірі.

Кафедра оқытушылары Қ.Е.Хабдин мен А.Е.Тәттібаева шығарған медицина университеті бірінші курс студенттеріне арналған. “Қазақ тілі сабақтары” атты оқу құралы да (2005ж.) болашақ дәрігерлердің қазақ тілін игерулеріне, кәсіби тілде сөйлеу машықтарын дамытуға бағытталған.

Аға оқытушы Ғ.Ж.Тұңғышбаева стоматология факультетіне арналған «Қазақ тілі сабақтары» (2008ж.) атты оқу құралын басып шығарды.

Доцент С.Қ.Суатай «Іс-қағаздармен жұмыс» атты оқу құралын шығарса (2010 ж.), ал барлық факультет студенттеріне арналған «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік құралын (2011ж.) шығарды. Ал, 2012 жылы Резиденттер мен магистранттарға арналған «Қазақ тілі» оқу құралы жарық көрсе, ал 2012 жылы доцент Б.Ж.Доскеева «Кәсіби қазақ тілі» атты оқу құралын шығарды.

Кафедра оқытушылары монографиялар, әр түрлі сөздіктер, оқу құралдарын шығарып, оқу-әдістемелік және ғылыми бағытта жемісті еңбек етуде.

Қазіргі таңда кафедраның профессор – оқытушы құрамында 16 оқытушы, олардың ішінде 5 доцент, 2 филология ғылымдарының кандидаты, 7 аға оқытушы, 2 оқытушы, 1 аға лаборант, 2 лаборант қызмет етеді.

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:

2

Ф.Ғ.К., ДОЦЕНТ ДОСКЕЕВА БАЛДЫРҒАН ЖАРМҰХАМЕДҚЫЗЫ

3

Ф.Ғ.К., ДОЦЕНТ АБДУЛЛИНА ЗАУРЕШ АБДРАХМЕТҚЫЗЫ

4

Ф.Ғ.К., ДОЦЕНТ ИСАЕВА ЖАНАР ТҰРСҰНБАЙҚЫЗЫ

5

Ф.Ғ.К., ДОЦЕНТ ДӘРМЕНҚҰЛОВА РАЯ НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ

6

Ф.Ғ.К., АҒА ОҚЫТУШЫ ЗАЙСАНБАЕВ ТӨЛЕУБЕК ҚИЗАТҰЛЫ

7

АҒА ОҚЫТУШЫ ТҰҢҒЫШБАЕВА ҒАЛИЯ ЖЕТПІСБАЙҚЫЗЫ

8

АҒА ОҚЫТУШЫ РАХЫМБАЕВА АҚЛИМА ТІЛЕУІМБЕКҚЫЗЫ

9

ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, АҒА ОҚЫТУШЫ

ТӘТТІБАЕВА АЙЫМГҮЛ ЕЛШІБАЙҚЫЗЫ

10

АҒА ОҚЫТУШЫ ҚАСТЕЕВА ТОЛҚЫН БАҚЫШҚЫЗЫ

11

АҒА ОҚЫТУШЫ ҚАЛЫСБАЕВА АЙЖАН ИСАБАЙҚЫЗЫ

12

АҒА ОҚЫТУШЫ ДӘУЛЕТБЕКОВА ЖАНАТ СӘБИТҚЫЗЫ

13

Ф.Ғ.МАГИСТРЫ, АҒА ОҚЫТУШЫ БУРАХАНОВА ҚҰРАЛАЙ СЕИЛХАНҚЫЗЫ

14

Ф.Ғ.МАГИСТРЫ, ОҚЫТУШЫ ЖАҚСЫБАЕВА ЭЛЬМИРА ОРАЗҒАЛИҚЫЗЫ

15

ОҚЫТУШЫ КАНЛЕНОВА БАҚЫТ НИЛҚЫЗЫ

16

АҒА ЛАБОРАНТ БУРАХАНОВА АҚМАРАЛ СЕИЛХАНҚЫЗЫ

КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Қоғам мен ғылымның дамуы тіл біліміне өз ықпалын тигізері айқын. Осыған орай тіл білімінің әр түрлі салаларында өзіндік үлестерін қосып жүрген кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық, ғылыми-тәжірибелік т.б. көптеген конференцияларға қатысып тұрады. Оқытушылардың ғылыми еңбектері және мақалалары баспа беттерінде жиі жарық көріп тұрады. Кафедраның доценттері Б.Ж.Доскеева «Қазақ тіліндегі қалау рай тұлғасының жасалу жолдары мен мағыналық ерекшеліктері», Ж.Т.Исаева «Әдеби тілдің нормасынан ауытқыған сөздердің тарихи-лингвистикалық аспектісі», Р.Н.Дәрменқұлова «Қазақ тілі синтаксисі жүйесіндегі норманың сипаты» деген тақырыптарда монографияларын шығарды.

Кафедра доценттері докторлық диссертациямен де айналысып жүр. Атап айтқанда кафедра меңгерушісі, доцент С.Қ.Суатай «Қазақ тіліндегі лексикалық және делексикалық құбылыстар», доцент Б.Ж.Доскеева «Мемлекеттік тілді медицина саласында ауытқудың өзіндік ерекшеліктері», доцент Р.Н.Дәрменқұлова «Қазақ тіліндегі нормалар: қалыптасуы, сипаты, коммуникативтік процестегі орны» деген тақырыптарда докторлық диссертация жазу үстінде. Кафедра меңгерушісі, доцент С.Қ.Суатай Халықаралық түркологтар ассоциациясының мүшесі.

2009 жылдың 3 желтоқсанында кафедра ұжымының ұйымдастырумен «Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға республикамыздағы беделді ғалымдар, қазақ тілінің жанашырлары қатысты. Олар: м.ғ.д., академик А.Р.Рақышев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ф.ғ.д., Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры Б.Қалиұлы, ф.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ профессоры Г.Н.Смағұлова, ф.ғ.д., А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ш.Құрманбайұлы, м.ғ.д., профессор Ә.Нұрмұхамбетұлы, ф.ғ.д., ҚМЭБИ профессоры З.Ш.Ерназарова, п.ғ.д. Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Н.А.Оразахынова т.б.

Сонымен қатар, кафедрада Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы жақсы жолға қойылған. Жыл сайын студенттік ғылыми конференция өткізіледі. Болашақ маман ретінде студенттер әр түрлі тақырыпта өздік жұмысын жазу барысында кәсіби тілді, жазу ілімін, сөз жүйесін т.б. меңгереді. Конференция жеңімпаздарының еңбектері Хабаршы жинағына шығып тұрады.

 

 

КАФЕДРАНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ

Қазақ тілі кафедрасы өзінің 20 жылдық тарихында көптеген оқу-әдістемелік жұмыстарын атқарып, үлкен жетістікке жетті. Кафедрада типтік оқу бағдарламасы басшылыққа алынып, студенттердің сөздік қорын байытуға, кәсіби лексиканы дамытуға және болашақ мамандығына қатысты қазақша сөйлей алу қабілетін қалыптастыруға арналған оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді.

Доцент Р.Н.Дәрменқұлова «Медициналық мәтіндер жинағы» (2001ж.) мен жалпы медицина факультетіне арналған «Қазақ тілі сабақтары» (2007ж.) атты оқу құралын шығарды.

Доцент Б.Ж.Доскееваның авторлығымен«Қазақ тілі» Медициналық оқу орындарына арналған оқу құралы (2002ж.) және «Қазақ тілі» Жоғары оқу орындарының І курсына арналған оқу құралы (2000ж.) шықты.

Доцент А.Т.Ақыжанованың «Мемлекеттік тілді оқып үйренеміз» (2004ж), «Қазақ тілі» Мәтіндер мен жаттығулар (2005ж.) оқу құралы және кафедраның оқытушылары Қ.Е.Хабдин мен А.Е.Тәттібаеваның «Қазақ тілі сабақтары» (2001ж.) атты оқу құралы жарық көрді.

Кафедра оқытушылары әр факультетке арнап оқу құралдарын шығарды.

Аға оқытушы Ғ.Ж.Тұңғышбаева стоматология факультетіне арналған«Қазақ тілі сабақтары»(2008ж.) атты оқу құралын, оқытушы Ә.Ж.Қанапиянова фармацевтика факультетіне арналған «Қазақ тілі сабақтары» (2008ж.) деген оқу құралын ұсынды.

Кафедрада барлық факультетке арналған қазақ тілінің жұмыс бағдарламасы және оқу-әдістемелік кешені жасалған.

Қазақ тілі кафедрасы оқу-әдістемелік жұмыстарын мына бағытта жүргізеді:

 

Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай бір жерде тұра берер еді.

17

Доцент Исаева Жанар Тұрсынбайқызы тьюторлық тобының студенттеріне қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы

әңгіме-сұхбат жүргізуде

Тәрбие процесін ұйымдастырудың қағидалары:

18

19

Доцент Дәрменқұлова Рая Нұрсұлтанқызы тьюторлық тобымен бірге

Тәрбиенің бағыттары:

* Азаматтық-патриоттық, құқықтық және мәдениеттік тәрбие

* рухани-адамгершілік тәрбиесі

* отбасы тәрбиесі

* өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру

* әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру

* коммуникативті-мәдениетті қалыптастыру

* экологиялық тәрбие

* эстетикалық тәрбие

* дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы ортаны қалыптастыру

* еңбек және экономикалық тәрбие

* кәсіби-шығармашылық тәрбие

* интеллектуалды мәдениетті дамыту

20

Аға оқытушы Қастеева Толқын Бақышқызы ұлттық тәрбие беру мақсатында Ә.Қастеева атындағы мәдениет-өнер мұражайында

21

Аға оқытушы Ақлима Тілеуімбекқызы Рахымбаева жалпы медицина факультеті 80-куратор тобымен бірге университет мұражайында

22