“Deutsch im Herzen” мейрамы

Шет тілдер кафедрасында 24.04.14 күні кафедра меңгерушісі  доцент Сулейменова О. Я. басшылығымен неміс тілі пәні аға оқытушысы Еленова А. К. және оқытушы Турумбаева Р. Р.  және1 курс ЖМ студенттерімен “Deutsch im Herzen” деген тақырып бойынша факультативтік іс-шара болып өтті.

Іс-шараның  мақсаты- студенттердің неміс тіліне деген қызығушылықтарын дамыту, неміс халқының мәдениетімен таныстыру, түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдениетіне және салт -дәстүрлерінің ерекшеліктеріне құрмет көрсетуге баулу. Студенттерді Австралия, Швейцария, Германия мемлекеттерінің көрнекі жерлерімен таныстырып қана қоймай, әндері мен билері арқылы олардың менталитеттерімен таныстыру. Іс-шараның барысында студенттер викториналық сұрақтарға өте белсенді түрде қатысып жауап берді.