Визитинг- профессор Dr. Fabio Boylan

2016 жылдың 05-09 желтоқсаны аралығында «Инженерлік пәндер курсымен, технологиялық пәндер курсымен дәрілер технологиясы» кафедрасына визитинг-профессор Dr. Fabio Boylan «GMP талаптарына сай фитопрепараттарды ғылыми жасау және оларды стандарттау» тақырыбында лекция өткізуде. Лекцияға «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Фармация» мамандықтарының студенттері қатысуда. Сонымен қатар семинар мынандай тақырыптарда жүргізілуде:

  • PhD-докторантарды, магистранттарды, ҒЗЖС студенттеріне кеңес беру:
  • Ғылыми нәтижелерді интерпретациялау;
  • IF бар рецензияланатын журналдарға жарияланымдарды жазу (Thomson Reuters, Scopus).

Лекция ағылшын тілінде өткізілуде.

Dr. Fabio Boylan (Индекс Хирша – 31) дәрілік өсімдіктерден қатерлі ісікке қарсы дәрілік заттарды жасау аймағындағы белгілі оқымысты болып есептеледі.

Семинар өте тартымды, құнды материалдарға тола болды. Студенттер мен оқытушылар құрамы алған ақпараттарын фармация саласында тиімді пайдалана алатын болды.