«Жүрек және қанайналымы» тақырыбанда шет тілдер кафедрасында өткен ашық сабақ

Шет тілдер кафедрасының неміс тілі пәні оқытушысы Турумбаева Р.Р: 16.04.13 күні жалпы білім беру комитетінің жоспарына сәйкес жалпы медицина факультеті, 11-010-2 тобында «Жүрек және қанайналым» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: сөздік қорды байыту, грамматикалық материалды дұрыс қолдана білу, сөйлеу әрекетінің: оқу, тыңдап-түсіну, жазу және сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: студенттердің шығармашылық қасиетін дамыту, дәрігер мамандығына жауапкершілікпен қарау, медицина саласына енгізіліп жатқан инновациялық технологиялармен таныстыру.

Кафедрада интерактивті инновациялық технологиялар енгізіліп жатқандықтан, бұл сабақта ноутбукті компьютерлі технология және видеопроектор қолданылды. Сабақ конференция түрінде дәрігерлердің кардиологиялық ауруды талқылау консиллиумы ретінде өтті. Интерн-дәрігерлер сұрақ қойып тәжірибелі маман-дәрігерлер жауап берді. Сабақта жүректің құрылысы және қызметі, инфаркт ауруының пайда болу себептері және жүрек ауруына жаңа инновациялық технологиямен жасалынған операция түрін видиотаспа арқылы көрсетті.

Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі доцент Сулейменова О.Я., кафедра завучы Садыкова А.А., неміс тілі секция завучы Еленова А.К. және кафедра оқытушылары қатысты.

Сабақ әдістемелік деңгейде қанағаттанарлық деп және құрылымы жағынан дұрыс деп саналады.

18 17 16 19