“Университет күнімен”

Бүгінгі күнде ғасыр талабына сай, бәсекеге қабілетті, ақ халатты абзал жандардың қанатын қатайтып,тәрбие беруде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің Айқан Ақанұлы бастаған ректорат ұжымын, мамандығымызға деген құштарлығымызды арттыруда үлес қосқан барлық факультеттер деканаты ұжымын, студенттерді білім нәрімен сусындатып жүрген барша ұстаздар қауымын және университеттің жалынды жастарын “Университет күнімен” шын жүректен құттықтаймыз!

Құттықтай отыра, сіздерге дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақ, жүздеріңізге күлкі, отбасыларыңызға амандық, болашағымызға күн нұрындай жарқындылық, елімізге тыныштық тілейміз. Университетіміздің туы биіктен желбіреп, еліміздің дамуына үлесін қоса берсін.

Әбдіраш Балнұр

Фармация факультеті ұжымының атынан