Фармакология модулі бойынша ақпарат

Фармакология модулі бойынша ақпарат

Фармакология модулі 2013 ж. (16.09.13ж.) құрылған және «Модуль туралы ереже» бойынша жұмыс істейді. Модуль ҚазҰМУ интеграциялап оқыту орталығында, Алматы қ, Ақан сері к орналасқан. Модуль жетекшісі м.ғ.к.., доцент Г.Б. Айтжанова. Фармакология модулінде 6 қызметкер, соның ішінде, 1 – медицина ғылымдарының докторы (доцент Изатова А.Е.), 2 – медицина ғылымдарының кандидаты (доцент Г.Б. Айтжанова және аға оқытушы Есетова К.У) және оқытушы – Жамалиева К.К., Кантуреева Г.Т., Мамашева Г.М.

Фармакология модулінде 3 курс «Жалпы медицина» мамандығы студенттері, интегрирациялап оқыту жүйесі бойынша білім алады..

Модулде жұмыс 4 бағыт бойынша жүргізіледі:

  1. Оқу жұмысы 3 тілде – мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде интеграциялап оқыту әдісі бойынша жүргізіледі.
  2. Модулде оқу-әдістемелік жұмыс МЖБС- 2006 және инструктивті хатқа сәйкес құрастырылған. Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету қазіргі кездегі талаптарға сәйкес. Оқу үрдісі оқулықтармен, оқу құралдарымен, кестелермен, суреттермен, коллекциялық препараттармен, жағдайлық есептермен, үлгілермен, слайдтармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық тәсілдері, мәселеге бағыттап оқыту тәсілдері бар. Модуль оқытушыларымен үнемі БЖФ нәтижелері бойынша оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу жүргізіледі (инновациялық тәсілдерді енгізу бойынша актілер бар).

3.Тәрбие жұмысы. Фармакология модулінде тәрбие жұмысы кешендік университеттік жоспарға ссәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: коррупцияға қарсы әңгіме, медициналық деонтология негіздері, мәдени жұмыстар, спорттық шаралар, салауатты өмір салтын жетілдіру, патриоттық, құқықтық және еңбектік тәрбиелеу, қалалық, республикалық шараларға қатынасу.

4.Ғылыми зерттеу жұмыстары. Ғылыми жұмыстар бойынша фармакология модулінің оқытушылары келесі жобаларға қатысты: «Фитохимическое исследование сырья, рода представителей жимолостных флоры Казахстана и разработка на их основе новых лекарственных форм, применяемых в практической медицине»; «Разработка нанокомпозитов биогенных металлов в качестве кормовых добавок для животноводства»; «Поиск новых высокоактивных и малотоксичных противоаритмических средств среди вновь синтезированных производных пиперидина», «Изучение противокашлевой активности и острой токсичности болотного аира».

Модулде студенттік үйірме жұмыс істейді. Үйірме мүшелері үнемі республикалық, халықаралық ғылыми-пратикалық конференцияларға қатынасып отырды, баяндамалар оқылды. 2013-2015 жылдары модуль оқытушылары ғылыми жұмыстар нәтижелері бойынша 11 мақала, 2 тезис жариялады.