«Қазақстан – достық мекені» атты тақырыпта әдеби-музыкалық кеш өтті

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының доценті ИсаеваЖ.Т., аға оқытушылар Тәттібаева А.Е.және Тұңғышбаева Ғ.Ж. 26 сәуір 2017 жылы Жалпы медицина, Стоматология факультеттері студенттерімен бірге «Қазақстан – достық мекені» атты тақырыпта әдеби-музыкалық кеш өткізді. Кеш қонақтарына әр ұлттың ұлттық киімдерін киген қатысушы студенттер Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілінде тілектер мен өлең, ән-жырларын айтып, би биледі. Студенттер елдің бірлігі мен ынтымақтастығы туралы бірталай мәлімет алды деуге болады. Кеш соңында Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі З.А.Абдуллина Қазақстандағы өзге ұлттардың достастығы мен ынтымақтастығы туралы айта келіп, өз өнерін көрсеткен студенттерді мадақтамалармен мадақтады. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің тәрбие бөлімі мен мұражай қызметкерлерімен кафедра ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.