Қасиетті құрбан айт қабыл болсын!

Қасиетті құрбан айт қабыл болсын!

Қазан айының 4 жұлдызы-барша мұсылман халқының мейрамы-Құрбан айт.Осы айтулы күні фармация факультетінің студенттері деканаттың қолдауымен құрбандық шалып,№4 жатақханада кең дастархан жайып тойлады.

Имамның Қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталған бұл іс-шара келген қонақтарымыздың ыстық лебіз тілектерімен жалғасты. Осындай игі шараны бастап,қолдау көрсетіп,жоғары деңгейде өткізілуіне ат салысқан барша ұстаздар мен студенттерге алғысымыз шексіз!Алланын рахымын,Пайғамбарымыздын (с.ғ.с.) шапағатын тілейміз!Университетіміз өркендей берсін!