№7 аудиториясында «Фармацевтика» факультетініңстуденттері Алматы қ. Діністері басқармасы өкілімен кездесті

2014 жылғы 28 наурыз күніСтуденттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен және тьюторлардың қатысуымен университеттің № 7 аудиториялық корпусының №7 аудиториясында «Фармацевтика» факультетінің студенттері Алматы қ. Дін істері басқармасы өкілімен кездесті.

Кездесуге Алматы қалалық Діністері жөніндегі басқарманың бас маманы – Дурсунов Р.А. келді.Студенттерге кері ағымдардан сақтану, олардың қоғамға келтірер зияны туралы айтып өтті. Және де дәстүрлі емес діни ағымдардан,секталардан сақтану туралы арнайы «Секта» фильмі көрсетілді. Көрсетілімнен соң, студенттер нақты сауалдарымен талқылау жұмыстарын жүргізді.