Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы – оқу үдерісінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының қызметкерлері фармация мектебінің 1-5 курс студенттерінің тәлімгерлері болып табылады. Кафедрада тәлімгерлер тәрбие жұмысы бойынша өз міндеттерін тәрбие ісі бөлімі басшылығымен жоспарға сәйкес іске асырады.

Кафедраның тәрбие жұмысының негізгі мақсаты студенттерді азамат ретінде рухани патриоттыққа, көп ұлтты Қазақстанның мәдени құндылықтары мен тарихын құрметтеуге, фармация саласында жоғары деңгейлі мамандарды дайындау және тәрбиелеу. Осы мақсаттарға жету үшін этносаралық достық пен толеранттылықты нығайту, үш тілділікті дамыту, мемлекеттік оқиғалар мен мерекелерге арналған іс-шаралар, «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ негізгі құндылықтарын насихаттау жөніндегі іс-шаралар өткізілді.

Кафедра кураторлары мен тәлімгерлік тобының студенттері «Рухани жаңғыру», «Саналы ұрпақ» және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» бағдарламаларын іске асыру бойынша көптеген іс-шаралар өткізеді.