С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің фармацевтика факультетінің «Фармация» және «Фармацевтика өндірісінің технологиясы» мамандығының студенттері жаңа білім ордасында

2013 жылдың 7-ші ақпан күні факультетіміздің 2-3 және 4 курстың 20 студенті Ресейдегі Санкт-Петербург мемлекеттік xимико-фармацевтикалық академияға «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша оқуға жіберілгенбіз. Әрине жаңа ортамыз туралы ой Егемен Қазақ елімізбен салыстырумен басталды. Жаңа білім ордамыз білім,ғылым,тәжірибелік дағды,мәдени жағынан жан-жақты дамуымызға мүмкіндік беруде. Академияда болып жатқан барлық студенттік іс-шаралардан қалмауға тырысудамыз.

12-25 ақпан аралығында Becton Dickonson, Pfizer, Zeta сынды әлемдік деңгейдегі бірқатар фармацевтикалық компаниялардың өкілдерінен дәріс алдық. Дәріс тақырыбы «Desing and qualification of primary and secondary packaging of medicines» болды, сонымен қатар Zeta компаниясының өкілдерінен фармацевтикалық өндірісте қолданыла тын су және оған қойылатын GMP талаптары туралы дәріс тыңдап, көптеген мағұлматтар алдық.

Санкт-Петербург қаласындағы BIOCAD ғылыми-зерттеу және өндірістік толық циклды құрылымы бар биотеxнологиялық компанияның зертxналық орталығының бірінде болдық. Лабораторияның аналитикалық зерттеу орталығы мен молекулалы-генетикалық бөлімінде штаммдармен жұмыс жасап жатқан роботтармен,заманауи жаңа үлгідегі теxникалардың жұмыс жасау барысымен толық таныстық. Сонымен қатар, ГАЛЕНОФАРМ фармацевтикалық зауытында болдық. Жұмсақ дәрілік қалыптар, сұйық дәрілік қалыптар және аэрозоль дайындаумен айналысатын бөлімдерімен таныстық. Бұл болашақ мамандығымызды толық меңгеруде бізге берілген үлкен мүмкіндіктің бірі деп білемін. Білім ала бастағанымнан бері, соңғы үш жылда университетіміз өсіп, өркендеп, көптеген жетістіктерге жетіп жатқанына көзіміз жетуде. Әрқашан жаңашылдыққа барынша бет бұрып дамып келе жатқан білім ордамыз – Қазақ Ұлттық Медицина Университетімен мақтанамын.

«Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы, бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!»-деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан сөзін негізге ала отырып, Қазақстан туралы, ҚазҰМУ туралы жақсы пікір қалыптастыруға ұйымшылдықпен,бар жігер қайратымызбен тырысудамыз.

Санкт-Петербург мемлекеттік xимико-фармацевтикалық академияда білім алушы 4 курс студенті Үсенова Гүлзат Құдайбергенқызы.