Фармакогностикалық теле-көпір

Фармакогностикалық теле-көпір

«Фармация » институтының ФА12-002-02 тобында ашық сабақтың жаңаша түрін енгізу мақсатында фармакогнозия пәнінен «Құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер» тақырыбына лабораториялық-тәжірибелік сабақ өткізілді. Оқытушы Парманкулова Ташкул Нұрпейісқызы инновациялық тәсілдерінің бірі «Кіші топтардағы жұмыс» тәсілін ұсына отырып Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармация Академиясының Фармация бөлімі 4 курс студенттерімен,оқытушысы Патсаева Клара Казбековнамен осы тақырыпта «Фармакогностикалық теле-көпірде» тікелей тәжірибе алмастық. Бұл тәсілде кері байланыс принципі коммуникативтік «Бірлестік» тәсілімен ұштасып толық жүзеге асты. «XXI ғасыр көшбасшысы» атты сұрақ-жауап пікірталасына И.К Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы,Қарағанды мемлекеттік медицина университеттерінен фармацевт- студенттер тікелей сұрақтарын қойып жауаптарын алды. «Фармацет-фармакогност» модулінде өткізілген бұл жобаны ары қарай барлық пәндерде жалғастырса білім үстіне білім болар еді,- дейді болашақ фармацевттер. Қазақстанда өсетін 6000-нан аса дәрілік өсімдіктерді, оның ішінде 13% эндемикалық өсімдіктерді тани білу үшін,далалық тәжірибеде Республикамыздың барлық жеріндегі дәрілік өсімдіктерді көріп тануға бұл тәжірибе алмасу жақсы бастама болды.