«Дархан даладай көңілді, Ашық аспандай мол пейілді, Атқан таңдай арайлы, Күн шуағындай нұрлы елімнің – болашағы жарқын және тұғырлы болуына өз күшім мен тағдырымды арнаймын…»

«Дархан даладай көңілді,

Ашық аспандай мол пейілді,

Атқан таңдай арайлы,

Күн шуағындай нұрлы елімнің – болашағы жарқын және тұғырлы болуына өз күшім мен тағдырымды арнаймын…» Н.Ә.Назарбаев

Естеріңізде болса, 1991 жылы 1 желтоқсанда 98,78 пайыз дауыс жинап, қазақ елінің тұңғыш президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Бүгінгі күнгі дәрежеге президентіміздің бастауымен жетіп отырмыз десек, қате айтпаған болармын.

Еліміздің дара тұлғасы Н.Ә.Назарбаев жайында қанша айтсақ та жарасады. Соған байланысты бүгін, яғни 2012 жылдың 30 қарашасында фармацевт – менеджер модулінің қатысуымен фармацефтика факультетінде ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында президент өмірін үш кезеңге бөліп, өмір баяны жайында мәліметтер айтылды. Мұндай іс – шаралар алдағы уақытта тағы өткізіледі деген үміт бар.

« Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Сол тәуелсіз елдің болашағы – жастар!» — деген президенттің сөздері бартын. Сол жастардың қаймағы – біздер, медицина саласының студенттері болмақ, неге десеңіздер президентіміздің тағы бір сөзінде: « Халықтың байлығы – денсаулығы » деген болатын. Айтайын дегенім, сол байлықты арттыратын, дамытатын біздерміз, құрметті медицина саласының студенттері. Сол себепті де ұстаздарымыздың бізге берген білім нәрімен сусындап, бойымызға дарытып, алдымызға келген науқас денін – бірінші байлық, бірінші мақсат етіп, университетіміздің, еліміздің дамуына, жарқындауын өз үлесімізді қоса берейік!

Әбдіраш Балнұр

Фармация факультеті, 3 курс