«Клиникалық фармация негіздері» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді

Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 21.09.2019 күні 103 аудиторияда кафедра оқытушысы Дошманова С.Д. жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 4 курс ФА 16 – 001 – 01к топ студенттерімен «Клиникалық фармация негіздері» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді.

Практикалық сабақтың тақырыбы: «Дәрілік заттардың өзара әсері, дәрілік заттардың қосымша әсері.».

Сабақтың мақсаты: студенттерді дәрілік заттардың өзара және жанама әсерін білу негізінде дәрілік заттарды оңтайлы қолдануды оқыту. Студенттердің өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылай отырып, тақырыпқа байланысты үш тілде тапсырмалар беру арқылы тақырыпқа байланысты вайн бейнетаспа, ситуациялық тапсырмалар, прези бағдарламасында презентация, бейнетаспа арқылы жаппай талқылау білімдерін тексеру, бағалау жүргізілді. Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Студенттердің білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді. Комиссия мүшелері сабақ жоғарғы талаптарға сай деген қорытынды жасады.