«Эндокриндік жүйе аурулары. Қант диабеті. Ғылыми-зерттеу тезисі» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының оқытушысы А.Қ.Серікқалиева жалпы медицина факультетінің 4-курс, 58-2 тобына ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: Эндокриндік жүйе аурулары. Қант диабеті. Ғылыми-зерттеу тезисі.

Ашық сабаққа БББ өкілдері, кафедра меңгерушісі және оқытушылары қатысты. Сабақ әдістемелік және ғылыми тұрғыдан өз мақсатына жетті. Кәсіби қазақ тілі пәнінің өзіндік ерекшелігі ескеріліп, сабақ барысында лексикалық тақырыпты толыққанды әрі жан-жақты меңгерту үшін «Инсерт», «Попс», «Джиксо» инновациялық тәсілдері, бейнебаян, семантикалық кестелер ұтымды пайдаланылды.