«Денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелер және оны шешу жолдары»

2014 жылдың 16 қазан күні Факультет деканатының тәрбие жоспары жұмыстарының шеңберінде «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасы оқытушылары мен «Мейірбике ісі» мамандықтары студенттерінің қатысуымен «Денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелер және оны шешу жолдары» атты тақырыбына дөңгелек стөл жүргізілді.

Ең алғашқы сөзді «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі Авгамбаева Н.Н. алды. Келесі сөзді дөңгелек стөлді ұйымдастырушы «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқытушысы Алшембаева Лаззат Турсымбайкызы алды. Денсаулық сақтау саласы қазіргі уақытта ең өзекті тақырыптардың бірі болғандықтан, осыған байланысты негізгі мәселелер қарастырылды. Дөңгелек стөл барысында 4 курс «Мейірбике ісі» мамандықтары студенттерінің төмендегідей тақырыптағы баяндамалары мен презентациялары тыңдалды:

  1. Амантаева А. – «Туберкулез – қоғам дерті».
  2. Азизова Ф. – «СПИД, АИВтың алдын алу шаралары».
  3. Көрініс «Біз СПИДке қарсымыз». Қатысқандар: Ештаева Г., Қуанышбек Ж., Ербосынова Г., Абсағатова М., Кәдірқұлова Г., Тарганова А., Азизова Ф.
  4. Бектібаева Ш. – Монолог – «СПИД – құрбаны».
  5. Турумова К. «Нашақорлық».
  6. Ербосынова Г., Әмзе С. «Гепатит дертімен күрес»
  7. Едигенова М., Ибадулла М. «ҚР Денсаулық сақтауды жақсарту жолдары».

Сондай ақ студент М. Жайлауовпен «Нашақорлық» туралы видео ролик және плакаттар дайындалды, плакаттармен безендіруді дайындағандар: Сақтағанова А., Төрекеева Е. «Салауатты өмір салты», «Туберкулез, СПИДтен қорғанайық».

Дөңгелек стөлді дайындау және жүргізу кезінде кафедра оқытушылары белсенді ат салысты, олар: Маукенова А.А., Тулебаев Ж.С., Джампейсова К.К., Нурпейсова Л.С., Сатаева Л.Г.

Қорытынды сөзді Джампейсова К.К., Нурпейсова Л.С., Сатаева Л.Г. айтты. Өз кезегінде жан жақты сұрақтар мен жауаптар арқылы өзекті тақырыптың мәні толықтай ашылды.