Жаңа оқу аудиторияларының ашылуы

Фармация және фармацевтикалық өндіріс факультетінде жаңа оқу аудиториялары ашылды. Ол елімізде белгілі «Аптека А+» және «ФитОлеум» демеуші компанияларының қолдаумен жүзеге асты. Жаңа лекциондық аудитория типіндегі оқу бөлмелері оқу процесін ұйымдастыруға жаңаша көзқараспен қарап, оқу барысын оқушылар мен оқытушылар үшін неғұрлым тартымды, қарқынды етуге мүмкіндік берді.

Бастапқыда өндірістік тәжірибеге студенттерді бағыттаумен басталған Қазақстан нарығындағы жетекші компаниялар мен факультет арасындағы ынтымақтастықтың дамуы жаңа аудиториялардың ашылуы арқылы келесі деңгейге көшті.

Факультетке «ФитОлеум» компаниясының демеушілігімен ұсынылған оқу аудиториясы оқу сабақтарына қажетті, қазіргі заманға сай құрылғылармен жабдықталған.

Демеуші-компания жайында қысқаша ақпарат: бүгінде «ФитОлеум» ҚР фитопрепараттарды өндірудің флагманы, компанияда сапаның фармацевтикалық жүйесі және халықаралық тиісті практикалар енгізілген және белсенді түрде жүзеге асырылады:

  • GMP « Дәрілік заттар өндірісі. Тиісті өндірістік практика. Негізгі жағдайлары.»
  • HASSP «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі. Тамақ өнімдерін тұтынуға және өнеркәсіп тізбегіндегі барлық ұйымдарға қойылатын талаптар. »
  • ИСО СМК 9001-2009 «Дәрілік заттардың жүзеге асырылуы, өндірісі, жасалуы саласындағы сапа менеджментінің жүйесі».

Жаңа аудиториялардың келесісі фармацияның басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация курсының оқу бөлмесі болып табылады.

Аудиторияның ұйымдастырылуына демеушілік еткен «Аптека А+» дәріханалар желісі.

«Аптека А+» 2010 жылы сапа менеджментінің аудитінен сәтті өтіп, ИСО 9001 – 2009 стандартына сәйкестік сертификатын алды. 2012 жылы «Аптека А+» Қазақстанда бірінші болып “Надлежащая Аптечная Практика” (GPP) сапа стандартына сәйкестік сертификациясынан өтті. Ал, 2016 гжылы «Аптека А+» “Надлежащая Дистрибьюторская Практика” (GDP) сапа стандартына сәйкестік сертификатциялау рәсімдеуін өтті.

Көптеген жылдар бойы аталған дәріхана Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсіп саласыүшін мамандар дайындауда белсенді ат салысып келеді. Ол С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің Фармация факультетінің, дәрігерлер мен провизорларды жетілдіру институты мен Алматы қаласындағы 4 фармацевтикалық колледждерінің Оқу-өндірістік базасы.