«Стратегиялық менеджмент» атты семинар өтті

2016 жылдың қаңтар айында фармацевтикалық пәндер кафедрасы, фармацияның басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация курсының ұйымдастыруымен «Стратегический менеджмент» атты семинар болып өтті. Семинар Санкт-Петербургтік химико-фармацевтикалық академияның, фармацияның басқарылуы және экономикасы кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Сергеев В.Ю. қатысуымен болды.

Семинар екі этапта жүргізіледі:

Бірінші этап 01.11.2016ж. – 03.11.2016ж. аралығында жүргізілді.

Тындаушылар қатарында жалпы алғанда 50-ден аса адам болды. Атап айтқанда, факультет басшылығы Сакипова З.Б., фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Датхаев У.М., Департамент директоры Устенова Г.О., аталған курсың меңгерушісі Шопабаева А.Р., оқытушылар мен докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.

Семинар өткен 3 күн ішінде келесі тақырыптарды қамтыған лекциялар курсы оқылды:

Фармацевтикалық менеджмент;

Фармацевтикалық өндірістегі стратегиялық басқару мен стратегиялық мақсаттар.

Семинар барысында көптеген актуалды сурақтар талқыланып, дискуссия жүргізілді.

Екінші этап 18.04.2017ж. мен 20.04.2017г. күндері аралығында өтеді.