Шын жүректен алғыс айтамыз

2017 жылдың 7 наурызда сағат 12 .00 – 13.00 университет кітапханасының оқу залында «Шын жүректен алғыс айтамыз»

Орыс тілі және латын тілі курсымен кәсіби орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы, ЖМ-16-018 тобының тьюторы З.Қ.Көкенованың ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күні және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні деген көктем мерекелеріне арналған іс- шара өтті.

Бұл іс-шараны өткізу мақсаты: студенттердің ұлтаралық достығын нығайту, түрлі этностар мен ұлт өкілдерімен бір» шаңырақта» бір елде тату- тәтті өмір сүруді насихаттау. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу дәстүрге айналды. Қазақстан шын мәнінде ұлы жұттан басталған зобалаңнан бастап, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен сан-мың ұлысқа ортақ шаңырақ болғандығы жайлы, жастарға түсіндіру және насихаттау әдеби-музыкалды композиция бейнематериал, бейнефильм көрсету арқылы іске асырылды.

Сонымен қатар дәстүрлі Көктем мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өту мақсатында, аналарға, ұстаздарға, әжелерге, қыздарға, құрбыларға арнайы өлеңдер, әндер, құттықтау скетчтер арналды.

Кәдімгі дәстүрге айналған Көктем мерекесінің осы іс- шарасының ерекшелігі тьютор тобындағы қандасымыз Қытайдан келген Әділғазы Самалгүлдің «Анаға арнау» деген арнайы шабыттанып жазған өлеңі барлық тыңдаушылардың ойынан шықты. Университеттің Арт-орталығының қоғамдық жұмысына белсенді қатысып, көркем сөйлеу бойынша бір бағытын басқарып жүрген топ студенті Зайырова Мөлдірдің мәнерлеп оқыған өлеңдері, мейрамға шашу ретінде ән шырқаған Дәулетбаев Қуанышбектің өнері мерекені көркейтті.

Ал кітапхана қызметкерлерінің Алғыс айту күні мен қыз- келіншектер мейрамына арналған кітаптар мен сурет материалдар көрмесі, іс-шараның атауы мен даналар сөздерінен әзірленген плакаттар, топ студенттерімен түрлі- түсті шарлармен және жалаушалармен безендірілген зал, шын мәнінде, дайындық деңгейін көрсетті.

Бұл іс-шара алға қойған мақсатына жетті; тәрбиелік мәні: өзге ұлт өкілдерін де отандастарымыздай, үлкендерді де, қыздар мен әйелдер қауымын да сыйлап-құрметтеу, шын жүректен алғыс айту!

Орыс тілі және латын тілі курсымен кәсіби орыс тілі кафедрасы