I-ШІ АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ФЕСТИВАЛІНЕ ФАРМАЦЕВТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ҚАТЫСУЫ

Алматы қаласында наурыз айының 15, 16 және 19 жұлдызы аралығында Алматы қаласының білім басқармасы және «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының ұйымдастыруымен «Мамандықты таңдау» атты I-ШІ АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ФЕСТИВАЛІ өтті. Аталған шараға Алматы қаласының барлық аудандарымен бірге Алматы облысының аудандарынан 11-ші сынып оқушылары қатысты. Алматы қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған I-ШІ АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ФЕСТИВАЛІНІҢ негізгі мақсаты, мектеп бітіруші 11-сынып түлектерін болашақтағы мамандықтарына дұрыс бағыттау. Аталмыш шараға Алматы қаласының мемлекеттікпен қатар біршама жекеменшік жоғарғы оқу орындарыда қатысты.

Химия және биология пәндерінің секциясы бойынша медицина, ауыл шаруашылық және психология мамандықтарын таңдауға таныстыру жүргізілді. Медицина саласы бойынша С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ факультеттерінің өкілдері өз мамандықтарын таныстырды. Ал, «Фармация» мамандығы туралы жалпы ақпараттар таратылды және фармация факультетінің 5 курс студенті президенттік шәкіртақы иегері Каирденова Әлия айтып өтіп, фармация мандығына қызығушылық танытқан мектеп түлектерінің сауалдарына жауап берді.

I-ШІ АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ФЕСТИВАЛІ тұңғыш рет өткізіліп отырсада, кәсіби ұйымдастырушылықпен, жоғары деңгейде өтті. Жоғары оқу орындарының көңілді тапқырлар сайысының топтарының қатысуымен көңілді көтеріп, әртүрлі тренингтер жүргізіліп, қызықты ойындар ойнатылып соңы кішігірім би ұйымдастырумен аяқталды.