“Арулар асыл жандар”

Арулар асыл жандар

2015 жылы наурыз айының 4-ші жұлдызында сағат 14:00 де “CONCORDIA” театрында С.Ж.Асфендияров университеті«Фармацевтика» факультетінің жігіттері 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Арулар асыл жандар атты көңілді кеш ұйымдастырған болатын.

Кешке арнайы “Ағайындылар” тобы, Мақсат Ынтықбаев, Қуаныш Есенбеков қонақ ретінде шақырылды.

Көңілді кешті өзінің алғы сөзімен және құттықтауымен «Фармацевтика» факультетінің деканы У.М.Датхаев сөз сөйледі.

Концерттік бағдарламаға тек жігіттер қауымы қатысып, барша әйелдер қауымын 8-наурыз мерекесімен құттықтады.

Кеш барысында ер азаматтарымыздың таң қалдырар өнерлеріне көрермендер тәнті болды. Кеш соңында фармацевтика факультеті жігіттерінің атынан әйелдер қауымына гүл шоқтары тарту етілді.