Халықаралық серіктестік

“Қазақстандық жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту” бағдарламасы аясында фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы жыл сайын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарын дәрістер оқуға, консультациялар мен семинарлар өткізуге, сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілері ретінде шақырады. Шетелден ғалымдарды шақыру білім алушылардың құзыреттілігін білім беру процесіне халықаралық көзқарас тұрғысынан жаңа білім мен оқыту әдістері арқылы дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мамандарды тарту кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамын кәсіби дамыту, түрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша консультациялар беру мақсатында жүзеге асырылады. Визитинг-профессорлармен жұмыс шетелдік жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттар мен меморандумдар, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының бірлескен жобалары мен сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларын, оқытушылар мен білім алушылардың шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарға тағылымдамаларын ұйымдастыруға, халықаралық байланыстарды дамытуға, ғылыми және білім беру қызметі саласында шетелдік әріптестерді іздеуге ықпал етеді. Визитинг-профессор бағдарламасын іске асыру шеңберінде кафедрада шақырылған шетелдік профессорлармен бірлесіп оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар әзірленеді, ғылыми мақалалар шығарылады, ғылыми-зерттеу жобалары, жұмыстар орындалады.

Шақырылғандардың қатарында – профессор Тернинко Инна Ивановна (Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтика университеті, Санкт-Петербург қ.), профессор Терентьева Светлана Владимировна (Новосібір мемлекеттік медицина университеті, Новосибирск қ.), профессор Ердоган Орхан Илкай (Гази университеті, Анкара қ.), профессор Катаев Валерий Алексеевич (Башқұрт мемлекеттік медицина университеті, Уфа қ.), профессор Латыпова Гузель Мунулловна (Башқұрт мемлекеттік медицина университеті, Уфа қ.) бар.

Кафедра жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады: Ташкент фармацевтикалық институты (Өзбекстан, Ташкент қ.), Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласы), Люблин медицина университеті (Польша), Сассекс университеті (Англия, Брайтон қ.), Гази университеті (Түркия, Анкара қ.), Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық академия (РФ, Санкт-Петербург қ.), Литва денсаулық ғылымдары университеті (Литва, Каунас қ.), Ян Коменский атындағы Университет (Словакия, Братислава қ.), Биомедициналық химия институты (РФ, Мәскеу қ.).

Жалпы шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы:

  • Халықаралық келісімдер жасасу;
  • Әлемдік білім беру кеңістігінде ЖОО имиджін нығайту және әлемнің үздік университеттерінің үздік тобына кіру;
  • Бірлескен халықаралық жобалар шеңберінде ғылыми-зерттеу қызметін күшейту;
  • Халықаралық жарияланымдар санын арттыру;
  • Халықаралық деңгейдегі конференцияларға қатысу және өткізу.