Курс туралы

Фармацевтикалық факультетте токсикологиялық химия пәні дербес пән ретінде 1953 жылдан бастап оқытылады.

1970 жылға дейін Қазақ мелекеттік медициналық университетінің фармацевтикалық химия кафедрасында сот химия курсы оқытылатын. Сот химия курсын Грачев Георгий Дмитриевич жүргізген. «Токсикологиялық химия» пәні фармацевтикалық факультетінің химия кафедрасында 1975 жылдан бастап оқытылды. 1977 жылы химия кафедрасы токсикологиялық және аналитикалық химия кафедрасы болып қайта құрылған, оны фармацевтикалық ғылымдарының докторы, профессор Ұшбаев Кенес Ұшбайұлы басқарған. Кафедраның дамуына үлкен үлес қосқан адамдар:

Тегісбаев Есболған Тегісбаевич, фарм.ғ.к., профессор; Байзолданов Төлеген Байзолданович, фарм.ғ.д., профессор; Бисенбаев Эдвард Мұхамеджанович, фарм.ғ.д., профессор; Шопабаева Алма Рахимбаевна, фарм.ғ.к., профессор; Даулетбақова Фаузия Досмухамедовна, фарм.ғ.к., доцент.

«Фармацевт-токсиколог» модулі 2011 жылы фармацевтикалық факультеттің кейбір кафедралары өзгергеннен кейінқұрылған. 2011 жылдан 2013 жылға дейін модулді фарм.ғ.д., профессор Байзолданов Т.Б. басқарған. 2013 жылы модулге негізгі химиялық пәндерді қосты: бейорганикалық химия, аналитикалық химия, органикалық химия, физикалық және коллоидты химия пәндерін қосты. 2013-2014 жылдары модулді фарм.ғ.д., профессор Оспанова Феруза Еркебековна және х.ғ.к. Балпанова Дидара Тлеулесовна басқарды.

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Фармацевт-токсиколог» модулі химия-токсикологиялық пәндер курсы болып өзгерді.

2014-2016 жылдары модулді Қожамжарова Әсел Сейдахметовна басқарды.

Доцент Қожамжарова А.С. 80-нен астам орталық академиялық журналда, ТМД ғылыми еңбектер жинағында және Қазақстанда, World Applied Sciences Journal, IDOSI Publications алыс шетелдерлің орталық академиялық журналдарында жарияланған ғылыми еңбектердің және 5 оқу-әдістемелік жұмыстың авторы.. «Университетті дамыту бағытындағы оқу және әкімшілік-шаруашылық қызметтегі, еңбектегі жетістіктері үшін» С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ құрмет грамотасымен марапатталған. 2015 жылы Аймақтық академиялық менеджмент президиумының шешімімен Ф.Тейлор атындағы «Басқарудағы ойлауды дамытудағы ерлігі үшін» алтын медалімен марапатталған. 2016 жылы «Фармацевтер ассоциациясы» және фармацевтикалық білім мен ғылымға көмек АҚ «Фармацевт мамандығына адалдығы» медалімен марапатталған.

Химия-токсикология пәндер курсы 2015 жылы «Фармацевт-токсиколог» модулінің негізінде құрылды. 2017 жылдың қыркүйек айынан химия-токсикологиялық пәндер курсы химия-фармацевтикалық пәндер кафедрасының құрамына кірді. Курста базалық пәндер оқылады: «Фармация» және «ТФП» мамандығының 1, 2, 3 және 5 курс студенттеріне міндетті компонент және элективті пәндер оқытылады. Курста сабақ беретіндер: 1 профессор (фармацевтикалық ғылымдарының докторы), 5 доцент, 3 магистр. Курста берілетін сабақтар: органикалық химия, бейорганикалық химия, аналитикалық химия, физикалық және коллоидты химия, токсикологиялық химия.

Курстың профессор-оқытушы құрамы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-ізденіс жұмыстар жүргізеді. Курстың оқытушылары оқылатын пәндер бойынша силлабустар құрастырды, 5 электронды оқулық, мемлекеттік және орыс тілінде 12 оқулық және оқу-әдістемелік жұмыс шығарды. ҚР БҒМ оқу үрдісіне шетел оқытушыларын тарту бағдарламасын іске асыру шеңберінде оқытушылардың химия-токсикологиялық пәндер курсы Санкт-Петербург мемлекеттік химиялық-фармацевтикалық академиясы, Ұлттық фармацевтикалық университетімен Украина(Харьков қ.), медициналық институты (Федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі жоғары кәсіптік білім беру) “МГТУ” Майкоп мемлекеттік технологиялық университеті Ресей Республикасы, Адыгеймен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Химия-токсикологиялық пәндер курсы ұжымы Алматы филиалының сот медицина Орталығының базасымен тығыз байланыста, химиялық-токсикологиялық зертханада студенттер “Аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптама”, токсикологиялық химиядан оқу-өндірістік практикадан өтеді.

Курстың негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие білікті қызметкерді дайындау.

Курстың негізгі міндеті: білім беру қызметтері нарығының ағымдағы үрдістері мен талаптарын қанағаттандыратын жоғары кәсіптік деңгейде курстың облыстары мен мамандықтары бойынша білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру.