Шет тілдер кафедрасында «Танысыңыз, Германия!» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел болып өтті

Іс-шараны аға оқытушы Еленова А.А. және оқытушы Турумбаева Р.Р. жетекшілігімен «Жалпы медицина» факультетінің 12-039 (2) топ студенттері өткізді. Іс- шараның барысында студенттер өздері дайындаған презентацияларын көрсетті. Ботабаева Анеля «Германия мемлекетінің географиялық жағдайы, мемлекет құрылымы, мемлекеттік рәміздер» жайында; Те Евгения «Қамалдар мен сарайлар» жайында; Куманова Айнур «Атақты неміс саясаткерлері: мемлекет қайраткері, Отто фон Бисмарк, Канцлер А.Меркель» жайында, Абдрахманова Алия «Немістің ақын-жазушылар И.В. Гете, Ф. Шиллер, Г. Гейне» жайында жасаған презентацияларын, студенттер қызығушылықпен қабылдады. Тайрова Нуржамал Дрезден сурет галереясы және сол жердегі танымал өнер туындылары жайында баяндап берді. Абизенова Гульнур атақты неміс композиторлары Бетховен мен И.С. Бахтың әндерін презентациялады.

Дөңгелек істел қатысушыларының алдында кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я., кафедра завучы, аға оқытушы Садыкова А.А. сөз сөйлеп өздерінің пікірлерін білдірді. Олар осындай әсерлі іс-шаралар студенттердің неміс тілін оқуға қызығушылығын арттыратынын, тілін оқып жатқан елдің салт-дәстүрін, мәдениетін білу, студенттердің жан-жақты болуына көмегін тигізетінін айтты.

Осылайша қатысушылар мен өонақтар өткізілген іс-шарадан үлкен эстетикалыө әсер алды.

 

аға оқытушы Садыкова А.А.