Халықаралық көрме «Білім және Мансап»

 

05 мен 07 сәуір аралығы 2018 жыл «Атакент-Экспо» кешенінде «Білім және Мансап» Халықаралық көрме қатысушылары фармация мектебінің ОПҚ, химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К. және фармация мектебінің 4 курс студенттері

«Білім және Мансап 2018» – Қазақстан Республикасының білім саласындағы ірі көрме, ол мектеп түлектеріне, колледж және ЖОО-ң студенттеріне 45 елден Ашық есік күні болды.

Көрмеге мектеп түлектері, ата-аналар, қосымша білім аламын деген студенттер, әртүрлі саладағы мамандар, колледж және мектеп мұғалімдері, ЖОО-ң оқытушылары, кітапхана жетекшілері, туристік компания, баспа қызметкерлері, тренинг компания өкілдері, курспен білімін жетілдіру компаниялары қатыстырылды.

Көрмеде орта білім, бакалавриат, магистратура, аспирантура, шет тілі курстары, әр түрлі тренингтер, шет елде білім алу, студенттермен алмасу бағдарламасы, қосымша кәсіби білім, мансап жоспарлау, мансапты жоғарылату кеңестері, шәкіртақылар, білім гранттары, шетелдегі білім гранттары, білімдегі ақпараттық технологиялары, оқу құралдары, әрбір ЖОО туралы және ондағы мамандықтары туралы ақпарат қағаздары болды.

Көрмеде ҚазҰМУ –не қызығушылық танытқан қатысушыларға ҚазҰМУ –де бар мамандықтар, фармация мектебіндегі мамандықтар туралы ақпараттар мен ақпарат қағаздары үлестіріліп, кеңестер, кәсіби бағдар берілді.