Алғыс хатпен құттықтаймыз!

6 мамыр күні сағат 10:00 «Concordia» театрында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының аға оқытушысы Қ.Б. Жарымбетов мақтау қағазымен марапатталды.

Сізді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.