Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жастарға салауатты өмір салтын ұстану мақсатында «Медеу, Шымбұлақ, Мыңжылқы табиғатына» саяхат, спорттық іс-шара

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, дүниежүзілік денсаулық күніне орай 16 наурыз 2019 жылы жастарға салауатты өмір салтын ұстану мақсатында «Медеу, Шымбұлақ, Мыңжылқы табиғатына» саяхат жасалып, спорттық іс-шара өтілді.

Ұйымдастырушы: Жастар саясатының басқармасы, химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.

Қатысушылар: Фармация мектебінің 2-курс студенттері

«Денсаулық» бағдарламасына сәйкес жастарға салауатты өмір салтын уағыздау мақсатында «Медеу, Шымбұлақ, Мыңжылқы табиғатына» саяхат жасалып, спорттық іс-шара өтілді, оның ішінде: волейбол, тауға бірінші шығу, табиғат аясында өнерлерін көрсету, иога және т.с.с.