Медициналық және фармацевтикалық тауартану

Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 12.03.2019 күні 226 аудиторияда кафедра мұғалімі А.Б. Муканованың жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 2 курс ФА 17 – 001 – 02 К топ студенттерімен «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыптары: «Фармацевтикалық және медициналық тауарлардың жіктелуі және кодтау. Тара, тығындау заттары және буып-түю материалдары. Тара, буып-түю және медициналық фармацевтикалық тауарларды таңбалау».

Практикалық сабақтың мақсаты: ыдыстардың жіктелуін, орау-буу заттарды, орау-буу заттарының тұтынушылық бағасын, техникалық талаптарын, номеклатурасын, керекті ыдысты дұрыс таңдай білу және дәріхананың өндірістік қызметінде дұрыс қолдануды, ыдыстың және орау-буу материалдарын оқу.

Студенттердің өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылай отырып, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы тақырыпқа байланысты вайн бейнетаспа, ситуациялық тапсырмалар, прези бағдарламасында презентация, бейнетаспа арқылы жаппай талқылау білімдерін тексеру, бағалау жүргізілді. Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді. Комиссия мүшелері сабақ жоғарғы мектеп талаптарына сай деген қорытынды жасады.