Университеттік қайырымдылық премиясы

9 сәуір күні сағат 15:00 «Concordia» театрында «Жылы Жүрек» университеттік қайырымдылық премиясында Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының оқу ісі меңгерушісі А.М.Кантуреева алғыс хатпен марапатталды. Сізге мүмкіндігі шектеулі және егде жастағы адамдарға көрсеткен көмегіңіз, қайырымдылық істеріңіз бен қоғамдық маңызы бар еңбегіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Біз игілікті істеріңіздің келешек жастарға үлгі – өнеге болатынына кәміл сенімдеміз. Сізге барлық бастамалар мен жоспарлардың жүзеге асуына тілектес бола отырып, зор денсаулық, творчествалық табыс, қуаныш пен бақыт тілейміз.