«Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру» пәні бойынша ашық сабақ

Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 08.01.2019 күні сағат 12:00 де оқу дәріханасында кафедра мұғалімі У.К.Кутпаеваның жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 2 курс ФА 16 – 003 – 01 Р топ студенттерімен «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыбы: «Тұрғындарға фармацевтикалық көмек көрсету ұйымының негізгі қағидалары. Қазақстан Республикасындағы фармацевтика саласы». Сабақтың мақсаты: Тұрғындарға фармацевтикалық көмек көрсету ұйымының негізгі қағидаларын түсіну.

Студент төмендегідей мәліметтерді орындай білуге міндетті:

  • фармацевтикалық көмек концепциясын;
  • фармацевтикалық көмек жүйесінің айырмашылық белгілерін;
  • Халықаралық фармацевтикалық федерацияның декларациясына сәйкес «Фармацевтикалық көмектің» анықтамасын;
  • проф. П.В Лопатин ұсынған «Фармацевтикалық көмек» түсінігінің анықтамасын;
  • фармацевтикалық көмектің негізгі жүйешелерін.
  • фармацевтикалық көмек концепциясын қалыптастыру көздерін дифференциялау;
  • фармацевтикалық көмекті көрсету кепілінің заңдылық-құқықтық негіздерін құрайтын формальды институттар;
  • ҚР азаматтарының денсаулығын қорғаудың негізгі принциптері.