Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми – зерттеу жұмысының ҒЗЖ бағыты фармацевтикалық ғылымдар негізінде іргелі және қолданбалы зерттеулер аясында жүзеге асуда.

Кафедраның оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің басты ғылыми бағыты бәсекелестікке қаблетті, сапасы жоғары, сұранысқа ие дәрілік қалыптарды жасауға негізделген.

Ғылыми-зерттеу жұмысы әр түрлі бағытта жүзеге асады іс-шаралардың барлығы кафедланың ғылыми зерттеу жоспарында белгіленген. Ғылыми-зерттеу жұмысы басты мақсаты ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік әр түрлі дәрежелі конференцияларға қатысуға және баяндамалар жасауға негіз болады.

Ғылыми-зерттеу жұмысын жамыту мақсатында кафедрамыздың оқытушылар құрамы әр түрлі ғылыми жобаларға белсенді қатысуда және ондағы басты тақырыптары фармация өндірісін дамыту бағытында. Соңғы 4 жылдың ішінде кафедрамыздың оқытушылар құрамы 20 астам іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми жобалар жазылды, республикалық, халықаралық және басқа ұйымдарға өтініш берілді.

Кафедрамыздың оқытушылар құрамы шетелдік жоғарғы дәрежелі рецензияланған ғылыми журналдарда ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көруде, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміне еңген журналдарда, сонымен қатар отандық және шетелдік ғылыми еңбектер жиынтығында басылып шығуда. Айта кететін жайт жыл сайын бұндау ғылыми мақалалардың саныда сапасыда артуда. 2015 жылы жалпы 300-ден астам ғылыми мақалалар жарық көрді, олардың ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміне еңген журналдарда және 20 ғылыми мақала импакт-фактормен жарияланды.