ІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада

2017 жылдың сәуір айының 13 және 14 жұлдызында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті 5В110300 – «Фармация» және «5В074800 — Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша студенттер арасында ІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді.

Олимпиада Республикалық пәндік олимпиадалар шеңберінде болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау мақсатымен өткізіледі.

Олимпиадаға ҚР барлық ЖОО-нан 5В110300 – «Фармация» және «5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары қатысады.

Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер технологиясы кафедрасының атынан «Феникс» атты 5 студенттен құралған команда қатысады. Олар: Омарова Гаини, 4 курс

  • Сарсенова Камарсулу, 4 курс
  • Маликова Наргиза, 4 курс
  • Имаилова Асем, 3 курс
  • Воротенцева Виктория, 3 курс

Сонымен қатар «Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәнінен «Фармация» мамандығы бойынша топтар дайындалуда.

Барлықтарыңызға сәттілік!