3 курс студенті Бегазинова Нейля Маратқызы, «МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АРУЫ-2015» байқауының ГРАН-ПРИ жүлдегері атанды

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің бірінші университет «Concordia» театрында «Медицина университетінің Аруы-2015» байқауы ұйымдастырылды.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ең сұлу аруы атану үшін, барлық факультеттің үміткер арулары көп еңбек етті, тер төкті. Арулар тек медицина саласында ғана емес басқада салаларда өздерін жоғары деңгейден көрсете алатындықтарын тағы да дәлелдеді.

Байқаудың талаптары өте жоғары болды. Әділқазылар алқасының мүшелері нағыз мамандар. Әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімімен барлық көрсеткіштер бойынша өте жоғары балл жинаған фармацевтика факультетінің «Фармацевтика өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алушы 3 курс студенті Бегазинова Нейля Маратқызы, «МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АРУЫ-2015» байқауының ГРАН-ПРИ жүлдегері атанып, басына тәж киді.

Байқау қорытындысы бойынша, жеңімпаз қызымыз Бегазинова Нейля Маратқызын университет, фармацевтика факультетінің профессор-оқытушы құрамы, студенттері, магистранттары және PhD-докторанттары атынан шын жүректен құттықтап, бұдан да биік шыңдардан көріне беруіне тілектестік білдіреді. Алдағы уақытта оқу озаты болып, Халықаралық деңгейдегі байқаулардан жүлделі орындар алуына тілегіміз шексіз.

Университет және фармацевтика саласының аруы — Нейляға ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Сондай-ақ осы конкурстың жоғары деңгейде өтуіне және студентіміз Бегазинова Нейляның байқауға қатысуына қолдау көрсеткені үшін фармацевтика факультетінің деканы, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Убайдулла Махамбетұлы Датхаевқа, топ тьюторы фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент Қалданай Қаржауқызы Қожановаға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Орындаған: Ибадуллаева Ғ.С.