Ашық сабақ

21.02.2019 күні сағат 08:00 де «Europharma» дәріханалар желісінің дәріханасында Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының мұғалімі Қ.Б. Жарымбетовтың жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 2 курс ФА 17 – 002 – 01К топ студенттерімен «Фармацевтикалық қамқорлық» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыбы: «АІЖ мүшелерінің аурулары кезіндегі фармацевтикалық қамқорлық (қыжыл)». Сабақтың мақсаты: АІЖ ауруларында фармацевтикалық қамқорлық дағдыларын қалыптастыру бойынша білім алушылардың білімін қалыптастыру.

Студент төмендегідей мәліметтерді орындай білуге міндетті:

  1. АІЖ-ның ауруларының симптомдарында қолданылатын дәрілік заттарға фармацевтикалық демеу жүргізуді үйрету
  2. Қыжылдың негізгі себептері
  3. Енгізу жолдарын таңдау, оптимальді дозалау режимін анықтауды меңгеру;
  4. Ең қауіпсіз және эффективті дәрілік заттарды таңдау және тағайындауды меңгеру;
  5. Антацидтердің, іш жүргізетін заттардың, пробиотиктердің, прокинетик-тердің, газдың пайда болуын төмендететін заттардың жіктелуі мен номенклатурасы. Салыстырмалы сипаттамасын меңгеру.