«Жастардың инновациялық потенциалы – 2019» жастар инновациялық жобаларының аймақтық байқауы

2019 жылдың қараша айының 3-8 жұлдызы аралығында Тараз қаласында «Жастардың инновациялық потенциалы – 2019» жастар инновациялық жобаларының аймақтық конкурсы ұйымдастырылды.

Бұл байқаудың мақсаты – жастар потенциалын сапалы дамыту, әлеуметтендіру және жастарға елдің инновациялық дамуына үлес қосуы үшін жағдай жасау.

Байқауға 18-ден 30 жасқа дейін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларының жас ғалымдары қатысты.

Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ассистенті Рахымбаев Нұрғали Аманбайұлы «Сасық қурай (Ferula asafoetida L.) экстракт негізінде ішек құрттарына қарсы отандық дәрілік құрал жасау» атты жобасымен III дәрежелі дипломмен марапатталды.