Фармацевтикалық қамқорлық

Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 19.03.2019 күні 103 аудиторияда кафедра мұғалімі Ж.Д. Сейтованың жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 2 курс ФА 17 – 003 – 01 топ студенттерімен «Фармацевтикалық қамқорлық» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыптары: «Вирусты аурулар кезіндегі фармацевтикалық қамқорлық (ұшық)».

Практикалық сабақтың мақсаты: вирусты аурулар туралы сипаттама және пайда болу себептері, дәрігерге қаралуды талап ететін қауіпті симптомдар, науқастың дәріханааға келу алгоритмі, емі және профилактикасы жайында материалдармен танысу.

Студенттердің өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылай отырып, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы тақырыпқа байланысты вайн бейнетаспа, ситуациялық тапсырмалар, прези бағдарламасында презентация, бейнетаспа арқылы жаппай талқылау білімдерін тексеру, интелектуалды ойындар (глоссарий, кахут, сұрақ-жауап) бағалау жүргізілді. Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді. Комиссия мүшелері сабақ жоғарғы мектеп талаптарына сай деген қорытынды жасады.