«Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру» пәні бойынша ашық сабақ

Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 16.04.2019 күні 224 аудиторияда кафедра мұғалімі Ә.М.Әбілқасымованың жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 3 курс ФА 16 – 002 – 02 К топ студенттерімен «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыптары: «Фармацевтикалық ақпаратты ұйымдастыру. Денсаулық сақтау мамандары мен тұрғындарға ақпараттық қызмет көрсету. Дәріханалардың санитарлық ағарту жұмыстары. Дәрілік заттардың жарнамасы».

Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттерді фармацевтикалық ақпараттар және жарнамалық қызмет көрсету және дәріханалардың санитарлық-ағарту жұмысы бойынша жұмысын ұйымдастырумен таныстыру. Ақпараттық материалмен жұмыс, тапсырмаларды орындау, кіші топтардағы жұмыс, ситуациялық есептерді шешу, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау. бақылау – блиц сұрақтарының тізімі , тест бойынша білімдерін бекіту.

Студенттердің өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылай отырып, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы тақырыпқа байланысты вайн бейнетаспа, ситуациялық тапсырмалар, прези бағдарламасында презентация, бейнетаспа арқылы жаппай талқылау білімдерін тексеру, бағалау жүргізілді. Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді. Комиссия мүшелері сабақ жоғарғы мектеп талаптарына сай деген қорытынды жасады.