Ән падишасы – Әміре Қашаубаевтың 130 –жылдық мерей тойына арналған концерт

9 қараша 2018 жылы Ән падишасы – Әміре Қашаубаевтың 130 –жылдық мерей тойына арналған концерт Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваторияның «үлкен залында» өтілді

Ұйымдастырушы: Жастар саясатының басқармасы мен химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.

Қатысушылар: фармация мектебінің 2 курс студенттері

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткеркері және ҚР еңбек сіңірген әртістері, ҚР конкурстарының лауреаттарының орындауларында төмендегі әндер шырқалды, олар:

Әміре Қашаубаетың “ Балқадиша”, “Қосқараған”; Ғарифолла Құрманғалиевтің “Әнші даусы”; Ілияс Жансүгіровтің “Домбыра”; Ермұрат Усеновтің “Майра” Орындаушы:Абай Қойшыбаев; Біржансалдың “Жалғыз арша” Орындаушы: Аманкелді Күзеубай; Уәйіс Шондыбайұлының “Перуайым”; Кете Жүсіптің “Ер жігіт”, Орындаушы: Ұлжан Байбосынова; Есбай “Терісқақапай” Орындаушы: Ақтоты Дүйсенбаева; “Шегенің ариясы” Орындаушы: Қаныт Құлымжанов; Берікболдың “Ағашаяқ”; Орындаушы: Рамазан Стамғазиев; “Желкілдек” Орындаушы: Венера Қаржаубаева; “Құдайберген жыраудың термесі” Орындаушы: Күнқожа Хайруллаев; Әбікен Хасеновтың “Қоңыр” Орындаушы: Нүркен Әшіров; Жетес Жәмековтің “Есіл күн” Орындаушы: Несіпбай Айтұлы; Тұрсынғазы Рахимовтың “Ән атасы -Әміре” Орындаушы: Біржан Айтахметов.

Парижде өткен ЭКСПО көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ, Париж аспаны астында қазақ әнін әуелетіп, төрткүл дүниенің өнер сарапшыларын тамсантқан Әміре Қашаубаев 1925 жылы Франция астанасында болған әлемдік көрмеде Балқадиша, Ағаш аяқ, Жалғыз арша, Қос балапан, Қанапия, Үш дос сияқты әндерді орындап екінші бәйге күміс медаль алады, 1927 жылы Германияның Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық байқауда қазақтың халық әндерін шырқаған жезтаңдай әншінің өнерін ірі мәдениет өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс сынды майталмандар аса жоғары бағалайды.