Визитинг-профессор Зайченко А.В. «Клиникалық фармация» пәнін денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі кездегі даму сатысында оқыту тақырыбындағы шеберлік сабағы

6 желтоқсан, 2019 жылы Фармация мектебінде, 103 оқу залында Богомольц Университетінің профессоры, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 135 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Университет күндері -2019» құрметті қонағы Зайченко Анна Владимировна шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабақ тақырыбы «Клиникалық фармация» пәнін денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі кездегі даму сатысында оқыту өрбіді. Аталмыш шеберлік сабаққа Фармация, Медицина мектептерінің ПОҚ, докторанттар және магистранттар қатысты. Профессор Зайченко А.В. шеберлік сабағын жоғары дәрежеде жүргізе білді, атап айтқанда бұл сабақтың артықшылықтары ретінде қазіргі заманға сай жас мамандарды бәсекеге қабілетті әрі өз ісінің білгірі болу үшін жаңа оқыту тәсілдері, және оларды ұтымды қолдану техникасын үйретті. Шеберлік сабақ презентациялық баяндамадан басталып, әрі дискуссияға ұласты, презентация соңында профессор ситуациялық сұрақтар қойып, әр жауапқа нақты талқылаулар жүргізді. Шеберлік соңында Фармация мектебінің деканы, профессор Сакипова З.Б. визитинг-профессорға алғыс білдірді, әрі фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының профессоры Шопабаева А.Р., фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының меңгерушісі Жакипбеков К.С. аталмыш шеберлік сабағының маңыздылығын айта кетіп, профессорға алғыс хатын табыс етті.