Фармация мектебінің белгілі түлектерімен мотивациялық кездесу

10.11.2021 жылы күні сағат 14:00-де «Даңқ Залында» Университетіміздің фармация мектебінің белгілі түлектерімен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Фармация мектебінің 70 жылдығы және “ӨНЕГЕ” жобасы аясында мотивациялық кездесу өтті. Кездесуге фарм.ғ.д., профессор, денсаулық сақтау ісінің үздігі, Профилактика медицина академиясының академигі – Ушбаев Кенесбай Ушбаевич, «Рауза» дәріханасы холдингтің құрылтайшысы – Канатбаев Ерлан Аманкулович және «Сұлтан» ЖШС ӨФФ коммерциялық директоры – Кейкибаев Алтынбек Ниеталиевич қатысты.

Кездесу барысында фармация саласының үздіктері өздерінің бұл мамандыққа қалай келгенін, студенттік шақтарын еске алып, қандай қызықты да, қиын сәттер өткізгенін, қандай пәндерді сүйіп оқығанын, қандай пәндерден қиналғанын және де қазіргі кездегі жетістіктеріне қалай жеткендігі туралы әңгімелеп берді.

Кездесуге қатысқан студенттер қызықты болған сұрақтарды қойып, өздеріне болашаққа бағдар беретін мотивациялық жауаптар алды.

Үздік түлектеріміз қатысушыларға жақсылық, денсаулық, күш-қайрат, жарқын болашақ, үлкен жетістіктерге жетуін тілеп, болашақта жетістікке жету үшін еңбекқор болу, сабақты жақсы оқу керектігін айтып кездесуді қорытындылады.

Үздік түлектерге С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің марапаттары жасалды: Ушбаев Кенесбай Ушбаевич – «Ардагер» медаль, Канатбаев Ерлан Аманкулович және Кейкибаев Алтынбек Ниеталиевич – «Алтын» медаль.