«1 қазан халықаралық қарттар күні»

12.10.2018 жылы Халықаралық медицина факультетінің декан орынбасары Г.М.Мухамедиева, мамандар Ш.М.Тулегенова, А.Алтхай, тілдік пәндер кафедрасының оқытушылары Абдыкадырова А.Р., Кажахметова Ф.Б., Даулетбекова Ж.С., ТЖБӘҚБ бас маманы Рымкеш Уахитқызы, студенттік өзін өзі басқару ұйымының төрағасы Аль Муссана Исмаил Ахмед Мухлех, студенттік декан Сингамала Венката Равитежа және т.б. «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы» (Мамыр, №7 ы/а, 8а) ардагерлерге құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтап, концерттік бағдарлама ұсынып, арнайы сыйлықтарын табыстап қайтты (Науқастарға дәрі- дәрмек және танометрлер).

Концерттік бағдарлама жоғары дәрежеде өтіп, ардагерлер өзге ұлт өкілдерінен құралған шетелдік студенттерге ризашылықтарын білдіріп, ән шырқап, би биледі. «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағының» директорының орынбасары Кульбаева Р.Т.ҚазҰМУ ұжымына және студенттеріне алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.