«Viva Pharm» өндірістік – сауда компаниясына экскурсия

«Viva Pharm» өндірістік – сауда компаниясына экскурсия
23.10.2020 ж. Фармация мектебінің студенттері «Фармациядағы заманауи ақпараттық технологиялар» пәні бойынша практикалық дағдыларды игеру мақсатында «Viva Pharm» өндірістік –сауда компаниясына экскурсия жасады. Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының оқытушысы А.Р. Төлегенова Фармация мектебінің ФА 17 -005-02 студенттері үшін толық оқыту, практикалық дағдыларды көрсету, сондай-ақ әр бөлімнің ерекшеліктерін және мамандандырылған ғимаратта олардың стандартты операциялық рәсімдерін түсіндіре отырып, қызықты экскурсия жүргізді.
Оқыту санитарлық –эпидемиологиялық режимді қатаң сақтай отырып өтті. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес студенттер: «Маркетингтік қызметтегі заманауи ақпараттық технологиялардың жалпы принциптері» тақырыбын меңгерді.
Компания мамандары материалдық емес активтерді, атап айтқанда, маркетингтік активтерді тиімді басқару кәсіпорын құнының өсуіне, фармацевтикалық қызметте ақпараттық технологиялардың дамуына, ең бастысы түпкі тұтынушыны дәрілік заттармен уақтылы қамтамасыз етуге ықпал етуі мүмкін екенін түсіндірді.
Студенттер кеңсе бағдарламаларының біріктірілген пакетінің функционалды мақсатын зерттеді, маркетингтік қызметте бірнеше ақпараттық манипуляциялар жасады. Болашақ мамандардың өз мамандығына деген қызығушылығы байқалды.
Экскурсия нәтижесін Фармация мектебінің ФА 17-005-02 студенттері оқытушымен талқылай келе ақпараттық технологияларға инвестициялар есебінен маркетинг шығындарының артуы әрқашан бәсекелестермен салыстырғанда бір қадам алда болуға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.